---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/tuerkiyada-66-baldyq-zhojqyn-zher-silkinis/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркияда 6,6 балдық жойқын жер сілкінісі болды

![Түркияда 6,6 балдық жойқын жер сілкінісі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/10/201030185327705e.jpg)

**Түркияның батысында жұма күні магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.**

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.

Зілзала ошағы — 16,5 шақырым тереңдікте.

Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған.

Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

---

Жарияланды: 2020-10-30T16:03:51+06:00

Жаңартылды: 2020-10-30T16:04:12+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Әлем](https://qazaqpress.kz/category/%d3%99lem/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/tuerkiyada-66-baldyq-zhojqyn-zher-silkinis/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.