---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/qasym-zhomart-toqaev-qazaqstandyqtar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды

![Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/10/12345-2.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды.**

> «Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын.
> 
> 
> 
> 
> Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», — деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

---

Жарияланды: 2020-10-30T09:59:27+06:00

Жаңартылды: 2020-10-30T09:59:27+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Пікір](https://qazaqpress.kz/category/pikir/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/qasym-zhomart-toqaev-qazaqstandyqtar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.