«Қайрат» «Астананы» ұтып, чемпиондыққа бір қадам жақындады

«Қайрат» «Астананы» ұтып, чемпиондыққа бір қадам жақындады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-шы турында «Астана» мен «Қайрат» командалары кездесті.

Кездесу тартысты өрбіп, ойын тағдырын бір гол шешті. Жеңісті допты «Қайраттың» шабуылшысы Абат Айымбетов соқты. Осылайша, алматылықтар 16 турдан кейін 41 ұпай жинап, турнир кестесіндегі басымдығын нығайтты.

Айта кетер жайт, «Қайрат» келесі турда жеңіске жетсе, мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанады. Соңғы рет алматылықтар ел біріншілігін 2004-ші жылы жеңген болатын.