---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/ispaniyada-koronavirustyng-zhanga-tueri-t/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Испанияда коронавирустың жаңа түрі табылды

![Испанияда коронавирустың жаңа түрі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/10/photo_2020_05_06_18_28_34.jpg)

**Ғалымдар Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрін анықтады. Бұл туралы зерттеу авторы, Базель университетінің профессоры Эмма Ходкрофт айтты, деп хабарлайды РИА Новости.**

Базель университеті, Цюрих политехникалық университеті мен SeqCOVID-Spain консорциумының зерттеушілері Еуропада соңғы төрт айда тіркелген коронавирус үлгілеріне баға берген. Зерттеуге алынған ең алғашқы үлгі Еуропа билігі шектеу шараларын ала бастаған кездегі шілде айындағы вирус. Мәліметтер SARS-CoV-2-нің Испанияда мутацияланған түрін анықтауға мүмкіндік берген.

20A.EU1 деген атау берілген мутация жаз мезгілінде Испанияның солтүстік шығысындағы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының арасында тарай бастаған.

Ходкрофттың сөзінше, бүгінде вирустың тарауы мутациямен байланысты екені дәлелденбеген. Сондықтан 20A.EU1 коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге кедергі келтірмейді.

Түпнұсқасы: [Tengrinews.kz](https://kaz.tengrinews.kz/world_news/ispaniyada-koronavirustyin-mutatsiyalangan-jana-tur-314940/)

---

Жарияланды: 2020-10-30T11:58:09+06:00

Жаңартылды: 2020-11-06T08:54:40+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Әлем](https://qazaqpress.kz/category/%d3%99lem/)

Тегтер: [COVID-19](https://qazaqpress.kz/tag/covid-19/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/ispaniyada-koronavirustyng-zhanga-tueri-t/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.