---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/almatyda-kaspi-kz-boelimshesine-shabuyl-zhasagha/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

![Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/10/photo_73991.png)

**Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасады деп күдікке ілінгендер ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.**

Алматы ПД Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, шабуыл жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды.

> «Күдіктілер — С. және У. есімді азаматтарды Алматыда қалалық қылмыстық полиция жедел уәкілдері ұстады. Осы оқиғаға қатысы бар үшінші адамды жаңа ғана Оралда Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері ұстады. Заттай дәлелдер — ұрланған қаражат тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, бұл іс бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — деді полициядағылар.

Олар шабуылда қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Банктің баспасөз қызметі күдіктілердің Kaspi.kz қауіпсіздік қызметінің көмегімен ұсталғанын хабарлады.

> «Ұсталғандар кінәсін мойындады және тергеу аяқталғаннан кейін олар сот алдына келед», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2020-10-30T09:46:38+06:00

Жаңартылды: 2020-10-30T09:47:01+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/10/30/almatyda-kaspi-kz-boelimshesine-shabuyl-zhasagha/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.