---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/10/28/qazaqstandyq-aenshi-luina-alghash-ret-uly/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандық әнші Луина алғаш рет ұлын көрсетті

![Қазақстандық әнші Луина алғаш рет ұлын көрсетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/10/f75b16c4e22a57b1129a46550f069a5a_XL-2.jpg)

**Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Луина алғаш рет көпшілікке өз тұңғышын көрсетті. Әнші мен оның жолдасы Артем Обухов осы жылдың тамыз айында ата-ана атанған болатын.**

Тамыз айында босанған Луина ұлы Давидты желі қолданушыларына енді ғана көрсеткен. Өнер иесі бұған дейін баласын тек арқасынан түсіріп, ғаламторға барынша бетін жауып жариялап тұрды.

Алайда, араға екі айдан астам уақыт салып, ерлі-зайыптылар перзентінің түрін жасырмауды жөн көрген. Әнші ару [Instagram парақшасында](https://www.instagram.com/p/CGwj2TWBwGM/) ұлының алғашқы күндері жасалған отбасылық фотосессияны ел назарына ұсынып, барша жанкүйерлерін қуантты.

 

---

Жарияланды: 2020-10-28T11:48:45+06:00

Жаңартылды: 2020-10-28T11:49:24+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/10/28/qazaqstandyq-aenshi-luina-alghash-ret-uly/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.