---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/10/28/nigeriyada-zhol-koelik-apatynan-13-adam-qaz/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нигерияда жол-көлік апатынан 13 адам қаза тапты

![Нигерияда жол-көлік апатынан 13 адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/10/f75b16c4e22a57b1129a46550f069a5a_XL.jpg)

**Нигерияда болған жол-көлік апатынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды The Nation Newspaper газеті.**

Нигерияның жол қозғалысы қауіпсіздігі Федералдық корпусының мәліметінше, бағдарлы автобус және төрт көлік соқтығысқан. Көптеген жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты Кадуна штатының Джар-мармара кентінде болды.

Алдын ала деректерге қарағанда, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, өзге төрт автомобильмен соқтығысқан.

---

Жарияланды: 2020-10-28T09:57:06+06:00

Жаңартылды: 2020-10-28T09:57:06+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Әлем](https://qazaqpress.kz/category/%d3%99lem/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/10/28/nigeriyada-zhol-koelik-apatynan-13-adam-qaz/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.