---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/10/28/almaty-oblysynda-karantin-kueshejtild/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында карантин күшейтілді

![Алматы облысында карантин күшейтілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/10/karantin-222-750x422-1.jpg)

**Алматы облысында 29 қазан таңғы 7:00-ден бастап карантин күшейтіледі. Тиісті қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері қол қойды.**

Құжатта жарлықтың режимі мен ұзақтығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін деп айтылған.

Өңірде барлық бассейндер жабылады. Бұрынғыша 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу қойылады.

Демалыс және мереке күндері аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жүмыс істемейді.

Сондай-ақ демалыс күндері қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханалар, кафелер, асханалар) тек жеткізіп беру үшін жұмыс істей алады.

Ал жұмыс күндері базарлар таңғы 10.00 мен 17.00 аралығында жұмыс істейтін болады.

---

Жарияланды: 2020-10-28T13:43:44+06:00

Жаңартылды: 2020-11-06T08:58:11+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Пікір](https://qazaqpress.kz/category/pikir/)

Тегтер: [COVID-19](https://qazaqpress.kz/tag/covid-19/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/10/28/almaty-oblysynda-karantin-kueshejtild/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.